366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конор UFC-мен ММА тарихындағы ең ауқымды келісімшарт жасасты

  • 177
  • UPD: 16:20, 21.09.2018
Конор UFC-мен ММА тарихындағы ең ауқымды келісімшарт жасасты wruf.com

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор (21-3-0) промоушенмен жаңа келісімшарт жасасты.

«Чемпионат» сайтының мәліметінше, келісімшарт сегіз жекпе-жекке есептелген. UFC басшысы Дана Уайттың сөзінше, МакГрегордың келісімшарты ММА тарихындағы ең үлкен болады. Келісімнің шарттары жарияланбайды, оның сегіз жекпе-жекке есептелгені ғана белгілі. 

Ирландиялық файтер жаңа келісімшарт бойынша алғашқы жекпе-жекті жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен (24-0-0) өткізеді. 6 қазанда Лас-Вегаста өтетін бұл жекпе-жек UFC 229 турнирінің басты оқиғасы болады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы