Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 111
366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы «күміс» түсті

  • 373
  • UPD: 15:58, 08.10.2018
Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы «күміс» түсті facebook.com

Жакартада өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында қазақстандық пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярёв ел қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің параатлеттердің қоржынында тағы бір медаль бар. Пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі санатта Давид Дегтярёв Пара Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Құттықтаймыз», - деп жазды Facebook парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева.

Еске сала кетсек, 7 қазан күні Жакартада өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында еліміздің қоржынына алғашқы 2 қола медаль түскен болатын. Атап айтқанда, «қоланы» әйелдер арасындағы пара пауэрлифтинг бойынша 66 келі салмақта Алина Солодухина олжалады. Арасын суытпай екінші қола медальді 100 метрге паражүзуден Дмитрий Ли қанжығасына байлады.

Хабар 24 телеарнасы