366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жекпе-жек кезінде Конор Хабибтен кешірім өтінген

  • 433
  • UPD: 15:16, 10.10.2018
Жекпе-жек кезінде Конор Хабибтен кешірім өтінген © mmaboxing.ru

Спортшылар үшінші раунд соңында сөйлесті.

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың жекпе-жек кезінде не туралы сөйлескені белгілі болды, - деп Vesti.kz Eurosport-қа сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, үшінші раунд соңында спортшылар арасында дау шыққан.

«Дәл қазір сөйлесейік. Дәл қазір. Сөйлесейік», - деп айғайлаған Нурмагомедов. Ал МакГрегор оған жауап ретінде «Бұл тек бизнес» деп айтқан.

«Мен де солай ойлағанмын», - деген Хабиб.

Еске салайық, Нурмагомедов төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, ол жеңіл салмақта чемпион атағын қорғап қалды.

Хабар 24 телеарнасы