389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астананың» 2018 жылғы маусымдағы ең пайдалы ойыншысы анықталды

  • 618
  • UPD: 12:12, 13.11.2018
«Астананың» 2018 жылғы маусымдағы ең пайдалы ойыншысы анықталды "Астана" ФК

Елордалық клуб биылғы маусымда командаға ең көп көмегін тигізген ойыншылардың рейтингін жариялады.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанған «Астана» футбол клубы биылғы маусымда командаға ең көп көмегін тигізген ойыншылардың рейтингін жариялады. Бұл тізімде бірінші орынды қорғаушы Марин Аничич еншіледі.

Елордалық клубтың баспасөз қызметі ойыншының алаңда өткізген уақытында қанша доп айырмашылығы болғандығына сәйкес, футболшылардың тиімділік коэффицентін есептеген. Нәтижесінде Марин Аничич 2018 жылғы футбол маусымының ең пайдалы ойыншысы атанды. Оның тиімділік коэффиценті +41-ге тең болды. Футболшы 2018 жылғы Қазақстан премьер-лигасында 27 рет алаңға шығып, 2 нәтижелі пас берген.

Екінші орында - Марин Томасов. Хорватиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 14 гол соғып, 16 нәтижелі пас беру арқылы осы маусымдағы команданың үздік сұрмергені атанды. Оның тиімділік коэффиценті +40-ге тең болды.

Үздік үштікті Дмитрий Шомко қорытындылады. «Астананың» вице-капитаны 22 ойында алаңға шығып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Шомконың көрсеткіші - +35.

Үздік бестік:

  1. Марин Аничич +41
  2. Марин Томасов +40
  3. Дмитрий Шомко +35
  4. Иван Маевский +34
  5. Абзал Бейсебеков +33
Хабар 24 телеарнасы