387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Илья Ильин өзінің денсаулығы туралы шындықты айтты

  • 552
  • UPD: 14:33, 20.11.2018
Илья Ильин өзінің денсаулығы туралы шындықты айтты

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Instagram желісі арқылы денсаулық жағдайы мен алдағы Токио Олимпиадасына жоспары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшының сөзінше, омыртқасының саулығында айтарлықтай қиындықтар бар. Алайда ол спортшы ретінде қарапайым адамға зиян деп көрсетілген физикалық жаттығулар жасай бермек.

Еске салайық, Ильин Ашхабадта өткен әлем біріншілігіне қатысу керек болатын. Алайда омыртқасындағы жарақат салдарынан одан бас тартты. Бұл 2008 және 2012 жылғы Олимпиада жүлдесінен айырылуға себеп болған допинг дауынан кейін, екі жылдан бергі алғашқы әлемдік жарыс болу керек еді.

Хабар 24 телеарнасы