378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Модрич: Мансабымды «Реал Мадридте» аяқтағым келеді

  • 627
  • UPD: 17:54, 05.12.2018
Модрич: Мансабымды «Реал Мадридте» аяқтағым келеді prosports.kz

Хорватия хавбегі Лука Модрич мансабын мадридтік «Реал» сапында аяқтағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алтын доп» иегері «корольдік клубта» барлық жағдайы жасалғанын мәлімдеді.

«Менің «Реалмен» келісімшартымның аяқталуына екі жыл қалды. Жаңа келісімшартқа отырамыз деген ойдамын. Мен осындай ұлы клубта ойнағаныма қуаныштымын», - дейді Модрич.

Естеріңізге сала кетейік, Модрич «Реалмен» үш рет қатарынан Чемпиондар лигасын ұтып алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы