375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық велотрекшілер жылды сәтті бастады

  • 369
  • UPD: 14:48, 15.01.2019
Қазақстандық велотрекшілер жылды сәтті бастады

Қазақстандық велотрекшілер үшін биылғы жыл сәтті басталды.

Индонезияда өткен құрлықтық додада жерлестеріміз 5 алтын, 4 күміс, 5 қола еншілеп, жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады. Ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларды Астана әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері енді сәл тынығып, алдағы халықаралық додаларға дайындалады. Оның ішінде тамыз айында өтетін әлем чемпионаты бар. Айта кетейік, биылғы Азия чемпионаты Индонезия астанасы Джакартада өтті. Оған 14 елден 300-ден аса спортшы қатысты.

Ақпейіл Өсім, Азия чемпионы:

– Қарсыластарымыз мықты болды. Қиын болды. Бірақ біз қойылған тапсырманы орындадық деп ойлаймын. Осы жеткен жетістіктерім үшін бапкерлеріме алғыс айтқым келеді.

Берік Көпешов, олимпиадалық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы:

– Бұл жарысқа «Сарыарқа» велотрегінде өте жақсы дайындалдық. Тіпті жаңа жылды да осы жерде қарсы алдық. Алдымызға қойған мақсатты орындадық. Жалпы командалық есепте үшінші орынға түстік.

Хабар 24 телеарнасы