375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы орта салмақта Головкиннің орнын басатын қазақстандықты атады

  • 292
Сарапшы орта салмақта Головкиннің орнын басатын қазақстандықты атады kazakh-tv.kz

Америкалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов (10-0, 8 КО) отандасы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) орнын басатынын айтады.

«Мейірім Нұрсұлтановтың соңғы жекпе-жегін тамашаладым. Бұл жігіттің мүмкіндіктері мықты. Бүкіл жекпе-жекті бақылауында ұстады және нокаут та тамаша шықты. Өзін сенімді ұстайды, болашағы зор. Климас оған бекер сенім артып отырған жоқ. Жалпы Климас таланттарды аша білуімен белгілі. Мейірім Нұрсұлтановтың алдынан жақсы мүмкіндіктер ашылуда. Головкин карьерасын аяқтаған соң, бұл салмақта Мейірім жарқылдайды», – дейді ол.

Айта кетейік, 12 қаңтарда Нұрсұлтанов екінші раундта 26 жастағы мексикалық Рамон Агинагиді (13-2, 26 КО) нокаутқа түсірді. Нұрсұлтанов былтыр қазанда WBC-дің топ-40 тізіміне енген. 

Хабар 24 телеарнасы