389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жаңа спорттық маусым ашылды

  • 863
  • UPD: 23:16, 17.01.2019
Қарағандыда жаңа спорттық маусым ашылды

Қарағандыда жаңа спорттық маусымның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша сайыпқырандарымыз келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кетті. Бұл күні көркем жүзудің шеберлері өз өнерлерін көрсетіп, суда өрнек салса, гимнасттар мен акробаттардың қимыл-әрекеттеріне қайран қалмаған жан жоқ. Әуелі су добы мектебінің 120 шәкірті жұртты өз шеберліктерімен тәнті етсе, жүзу мектебінің спортшылары бассейнге түрлі биіктіктен секіріп, өнерлерін паш етті. Әсіресе синхронды жүзуден Азия чемпионатының жеңімпаздары Екатерина мен Александра Немичтің шоу бағдарламасы сәтті шықты. Оларға 4 жылда бір болатын байрақты бәсекеге жолдама алу үшін әлемдегі үздік 24 спортшының қатарына ілігу керек. Ал қазір апалы-сіңлілі спортшылар 15-орында тұр.

Бауыржан Абылаев, облыстық спорт мектебінің басшысы:

- 2019 жыл біздің Олимпиаданың алдындағы соңғы жыл болып есептеледі. Келесі жылы Олимпиада ойындары. Міне, соның алдындағы, биылғы жылдың алғашқы салтанатты ашылуы іспеттес, сондай мақсатта өтіп жатыр. Бұған Қарағанды облысына қарасты бірнеше мектептер бар, су спортына қатысты, су добы бар, мәнерлеп жүзу бар, суға секіру бар, әртүрлі спорт түрінен өтіп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы