389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құны 3 миллион доллар бразилиялық футболшы «Астана» сапына қосылды

  • 557
Құны 3 миллион доллар бразилиялық футболшы «Астана» сапына қосылды vesti.kz

Бразилиялық жартылай қорғаушы Педро Энрике Дубайда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан «Астана» сапына келді, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Энрике «Астана» үшін жалға алу құқы бойынша ойнайды және 2019 жылдың жазына дейінгі келісімшарты бар. Transfermarkt мәліметінше, футболшының трансферлік құны – 2,8 миллион еуро (3,2 миллион доллар).

Астаналық клубқа хавбек өткен маусымның жазында қосылған. «Астана» үшін 19 матчте футболшы үш гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Жаттығу жиындары кезінде «Астана» сапына Серікжан Мужиков та қосылды. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы операциядан кейінгі сауығуға байланысты оқу-жаттығу жиындарына басынан қатыса алмады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы