375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық журналистер қазақстандық боксшылардың менеджерін ең үздік деп таныды

  • 250
Америкалық журналистер қазақстандық боксшылардың менеджерін ең үздік деп таныды vesti.kz

Бокс туралы жазатын америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) дәстүрлі дауыс беру байқауының жеңімпаздарын атады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша алғашқы ауыр салмақта абсолют чемпион Александр Усик (16-0, 12 КО) әлемнің үздік боксшысы атанды. Бұл атаққа украиналыққа бәсекелес болғандар - отандасы Василий Ломаченко (12-1, 9 КО), жеңіліп көрмеген америкалық чемпиондары - Теренс Кроуфорд (34-0, 25 КО), Майки Гарсия (38-0, 30 КО) және Морис Хукер (25-0-3, 17 КО) болды.

2018 жылдың үздік бапкері ретінде екінші жыл қатарынан Анатолий Ломаченко мойындалды. Бапкер ұлына жеңіл салмақта WBO және WBA белбеулерін біріктіруге көмектесті. Сонымен қатар 2018 жылы бапкер Усик пен жартылай ауыр салмақта WBC чемпионы Александр Гвоздикті (16-0, 13 КО)жаттықтырды.

Жыл менеджері Литва тумасы америкалық Эгис Климас болды, бұл сыйды екінші жыл қатар алып отыр. Климас атақты боксшылар Ломаченко, Усик, Гвоздик пен Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО), Мадияр Әшкеев (10-0, 6 КО), Қанат Ислам (25-0, 20 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (9-0, 7 КО), Сағадат Рахманқұлов (3-1, 1 КО) және Асхат Уалиханов (4-1, 2 КО) сияқты қазақстандықтардың ісін жүргізеді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы