378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канелоның» өмірі туралы фильм түсіріледі

  • 492
  • UPD: 11:39, 24.01.2019
«Канелоның» өмірі туралы фильм түсіріледі abctv.kz

Орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль Альварес (51-2-1, 35 КО) Galo Grande студиясына өз өмірін экранизациялауға құқық береді, - деп хабарлайды Lasestrellas.tv.

Көп сериалы деректі фильмде Альварес отбасындағы зорлық-зомбылық, ішімдікке салыну (ата-анасының ажырасуынан жас кезінде салынды) және кедейлік сияқты балалық шағындағы жайттар туралы баяндайды. Сонымен бірге боксшы жеке өмірінің құпиясын ашпақ - ол алғаш 17 жасында әке атанды, қазір үш баласы бар, бірақ, ешқашан үйленген емес. Ал оның сүйіктілері арасында модельдер, тележүргізушілер, «Әлем аруы» конкурсының қатысушылары мен өзге де танымал қыздар болған.

Фильм түсірілімі «Канелоның» 4 мамырдағы IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобске (35-2, 29 КО) қарсы жекпе-жегіне жаттығуға кедергі болмайтыны аталып өтілді.

Альварес соңғы екі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткізген. 2017 жылғы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Ал 12 ай өте дәл осы орында мексикалық төрешілер шешімімен жеңіп, қазақстандықтың барлық чемпиондық белбеулерін тартып алған. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы