375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Боруссия» мен «Хоффенхайм» тең тарқасты

  • 264
  • UPD: 17:39, 10.02.2019
«Боруссия» мен «Хоффенхайм» тең тарқасты

Неміс бундеслигасында өнер көрсететін командалар 21-тур ойындарын өткізді.

«Боруссия» «Сигнал Идуна Паркте» «Хоффенхайммен» тең түсті. Қорытынды есеп – 3:3. Матчтың 32-минутында алаң иелері өткір шабуыл ұйымдастырып, Джейдон Санчо қақпашы Оливер Бауманның осал тұсын тапқан еді. Артынша Марио Гетце белсеніп, бірінші таймда «Боруссия» екі гол ұзап шықты. Дортмундтық команда үзілістен кейін де үздіксіз шабуылдады. Нәтижесінде Рафаэл Геррейру мергендік танытты. Есеп – 3:0.

«Хоффенхайм» матчтың жетпіс бесінші минутында белсенді. Екінші таймда алаңға шыққан Исхак Бельфодиль  Роман Бюрки қорғаған қақпаға гол соқты. Сегіз минуттан кейін Павел Кадержабек есепті өзгертті. Ал матчтың аяқталуына үш минут қалғанда Исхак таразы басын теңестірді. Осылайша «Боруссия» жоқ жерден ұпай жоғалтты.

Хабар 24 телеарнасы