384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Rotterdam Open: Михаил Кукушкин ширек финалға шыға алмады

  • 839
  • UPD: 15:18, 15.02.2019
Rotterdam Open: Михаил Кукушкин ширек финалға шыға алмады Теннис

Астанада кәсіпқой бокс кеші өтуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдегі спорттық сайттар Бейбіт Шүменов жайында жарыса жаза бастады. Өйткені жерлесіміз жазға дейін тағы бір кездесу өткізетіні белгілі болды. Оның келесі қарсыласы – франциялық кәсіпқой боксшы Арсен Гуламирян. Ол бүгінге дейін 24 жекпе-жек өткізіп, бірде-бірінде жеңілмеген. Соның арқасында WBA тұжырымы бойынша уақытша чемпион атанып отыр. Бейбіт Шүменовте де дәл осы тұжырым бойынша чемпиондық белдік бар. Сондықтан шын мықты қос боксшы арасындағы кездесуде анықталмақ. Ал бокс кешінің нақты қайда өтетіні әзірге белгісіз. Қазір ұйымдастырушылар Монте-Карло, Нью-Йорк және Астана қалалалары арасында таңдау жасап жатыр. Келісім бойынша нақты шешім алдағы 14 күн ішінде шығуы керек.

Универсиада: волейболдан іріктеу кезеңі

Астанада жоғары оқу орындардың студенттері арасындағы универсиада жалғасып жатыр. Жарыстың алғашқы күндері волейболдан іріктеу сындары өтті. 12 университет құрамасы А және В топтарында өзара мықтыны анықтауға кірісті. Финалдық кездесулер бүгін өтеді. Оның қорытындысы бойынша, қалалық команда жасақталып, республикалық жарысқа қатысуға мүмкіндік алады. Бұған қоса, универсиада аясында шағын футбол, шаңғы жарысы, шорт-трек сияқты 18 спорт түрі бойынша бәскелер өтеді. Тіпті, ұйымдастырушылар оның бағдарламасына ұлттық ойындарды да қосқан. Осы арқылы қалалық спорт басқармасы мен бұқаралық шаралар өткізу дирекциясы салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, ерекше қабілеті бар жастарға мүмкіндік ашуды көздейді.

Гүлшат Серікбекова, қалалық мәдениет және спорт басқармасының баспасөз хатшысы:

- Универсиада жарыстары 5 мамырға дейін жалғасады. Биыл жастар жылы деп жарияланған соң осы шараның жоғары деңгейге өткізуге тырысамыз. Менің ойымша, универсиада студенттер арасында бұқаралық спортты насихаттап, патриоттық тәрбиені күшейтуге көмектеседі.

Rotterdam Open: ширек финалға шыққандар

Қазақстандық Михаил Кукушкин ширек финалға шыға алмады. Дәл қазір Нидерландының Роттердам қаласында халықаралық теннис турнирі өтіп жатыр. Әлем үздіктерімен бірге бұл жарысқа жерлесіміз де барып еді. Алғашқы айналымды сәтті аяқтаған Кукушкин, екінші айналымда босниялық теннисшіге есе жіберді. 1 сағат 42 минутқа созылған кездесу 6/4, 7/6 есебмен аяқталды. Босниялық Дамир Джумхурдан бөлек ширек финалға франциялық Гаэль Монфис, ресейлік Даниил Медведев және швейцариялық Стэн Вавринкалар жолдама алды. Жарыс жеңімпазы 17 ақпанда белгілі болады.

Айта кетейік, өткен жылы бұл бәсекеде швейцариялық Роджер Федерер топ жарған болатын. Бірақ 37 жастағы спортшы биылғы бәсекеге келген жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы