378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каратеші Дархан Асаділов Дубайдағы премьер-лиганың алтынына таласады

  • 296
Каратеші Дархан Асаділов Дубайдағы премьер-лиганың алтынына таласады Olympic.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубайда каратеден Премьер-лига турнирінің биылғы маусымдағы екінші кезеңі өтуде.

Жарысқа әлемнің 86 мемлекетінен 800 спортшы қатысуда. Қазақстан командасының мүшесі Дархан Асаділов 60 келіде турнирдің финалына жолдама алды, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстан құрамасының үздік спортшысы бірінші кездесуінде тунистік каретешіні 6:2 есебімен жеңді.  Грузиялық қарсыласымен өткен екінші кездесу де 2:0 есебімен Дарханның пайдасына аяқталды. 

Ал үшінші жекпе-жекте Асаділов Париждегі Премьер-лига жеңімпазы, ирандық Маджидпен жолығып, 4:1 есебімен басым түсті. 

Жартылай финалда Дархан әлемдік рейтингте екінші орында тұрған түркиялық Самдан Ерайды бір ұпай айырмасымен жеңіп, финалға өткен болатын. 

Сондай-ақ бүгін ерлер арасында 67, қыздар арасында 50 және 55 келіде финалистер анықталады. Барлық салмақ дәрежесі бойынша финалдық бәсекелер жексенбі күні өтетінін еске саламыз.

Хабар 24 телеарнасы