378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияр Елеусінов: Қарсыласымды нокаутқа түсіретін мүмкіндік болды

  • 139
  • UPD: 13:05, 16.03.2019
Данияр Елеусінов: Қарсыласымды нокаутқа түсіретін мүмкіндік болды Zakon.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортиске қарсы жекпе-жегі жайлы пікірін  айтты.

«Бұл мен үшін жаңа дүние болды, инсайдта жұмыс істеп, алға көбірек ұмтылдым. Мен бапкерлік штабымды өзгерттім, Кори Спинкс бір ай бойы менімен жұмыс істеді. Менде оны жетінші раундта нокаутқа түсіретін мүмкіндік болды. Оған қысым жасадым. Маған оның соққыларын ұстап, көбірек қарымта шабуыл жасап, инсайдтағы қорғаныспен жұмыс істеу керек еді», - деді Данияр.

Еске сала кетейік, бүгін Лас-Вегаста өткен жекпе-жекке Данияр қарсыласын төрешілер шешімімен ұтқан болатын. 

Ақпарат көзі: Prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы