377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының іріктеу турлары басталды

  • 191
Атырауда «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының іріктеу турлары басталды

Атырауда мектеп оқушыларының «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының іріктеу турлары басталды.

Бұл шара оқушылар арасындағы еліміздегі ең ауқымды спорт додасы саналады. Жарыста Атыраудың сегіз облысынан 264 қатысушы бақ сынайды. Олар футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасындағы баскетбол, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорттық бәсекелерден үздіктерді анықтайды.

Тұрар Рүстембаев, «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» қорының менеджері:

– Жарысқа 2003-2005 жылы туған мектеп оқушылары қатысады. Олар өңіріміздің барлық аудандарынан келіп отыр. Турнир жеңімпаздары Щучинск қаласындағы «SportFEST Kazakhstan-2019» республикалық спартакиадасына барады. Байрақты бәсеке «Балдәурен» спорт кешенінде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы