379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдос Сметов әлемдік рейтингте бесінші орынға көтерілді

  • 134
  • UPD: 11:55, 09.04.2019
Елдос Сметов әлемдік рейтингте бесінші орынға көтерілді Prosports.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі, 60 келіде сынға түсетін Елдос Сметов әлемдік рейтингте жоғарылады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Өткен демалыс күндері Түркияның Анталия қаласында өткен Гран-при турнирінде Сметов жеңімпаз атанған болатын. Бұл спортшының жаңартылған әлемдік рейтингте бір саты жоғарылап, бесінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

Елдостың қоржынында 4380 ұпай бар. Ал 60 келі салмақтағы балуандардың көшін ресейлік Роберт Мшвидобадзе бастап тұр. Екінші орында жапондық Руджи Нагаяма.

Үшінші және төртінші сатыны грузиялық Амиран Папинашвили мен жапондық Наохиса Такато иеленген.

Хабар 24 телеарнасы