378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккейден Литваны ұтты

  • 139
  • UPD: 20:54, 01.05.2019
Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккейден Литваны ұтты prosports.kz

Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобында кезекті тур ойындары аясында Қазақстан Литвамен кездесті.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Жеңімпаз команда сапынан Дастин Бойд, Никита Клещенко және Даррен Диц көзге түсті. Литвалықтардан жалғыз голды Арвидас Домейка соқты.

Жеңіске қол жеткізген Қазақстан құрамасы алты ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Бірінші орынды Оңтүстік Корея хоккейшілері иеленсе, екінші орынға Беларусь елінің өкілдері жайғасты.

2 мамырда Қазақcтан Оңтүстік Корея хоккейшілерімен кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:30-да басталады.

Хабар 24 телеарнасы