389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шайбалы хоккей: Қазақстан – Оңтүстік Корея құрамаларының кездесуі өтіп жатыр

  • 649
  • UPD: 13:50, 07.05.2019

Осы сәтте «Барыс-Арена» спорт сарайында хоккейден жаһан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қазақстандық хоккейшілер күні кеше Литва командасын 3:1 есебімен жеңген болатын. Бүгін Оңтүстік Корея елінен келген спортшылармен мұз айдынға шықты.

Хоккейден Қазақстан – Оңтүстік Корея командаларының кездесуі осыдан 10 минут бұрын басталды. Біздің жігіттер салған беттен шабуыл жасап, қарсыласының есін жиғызатын емес. Хоккейшілеріміздің бойында жеңіске жетуге деген сенім, жігер бар. Оларды қолдауға спорттың осы түрі десе ішкен асын жерге қоятын тұрғындар қазір біз тұрған фан-аймаққа жиналған. Еліміздің көк байрағын көтерген олар «Барыс Арена» алдындағы көлік тұрағында құрылған плазмалы экранға көз тігіп, жарысты тамашалап тұр.

Қадірлі көрермен, есіңізге сала кетейін, қазақ елінің бас қаласында шайбалы хоккейден І дивизионның А тобындағы құрамалары арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгінгі қарсылас команда бұған дейін Венгрия мен Словенияны ұтқан еді. Ал Андрей Скабелка жаттықтыратын ел құрамасы да екі ойын өткізіп, жеңімпаз атанды. Словенияны 3:2 есебімен, күні кеше Литвадан басым түсті. Енді бүгін Оңтүстік Корея командасын да ойсырата жеңеріне сенім білдірейік. 

Авторы: Талғат Исламұлы

Хабар 24 телеарнасы