384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баскетболдан әйелдер құрамасы Азия кубогінде күміске қол жеткізді

  • 583
  • UPD: 23:35, 26.05.2019
Баскетболдан әйелдер құрамасы Азия кубогінде күміске қол жеткізді

Қытайдың Чанша қаласында 3х3 баскетболдан Азия кубогі аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер командасы күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Біздің команда ақтық сында Австралияға 21:9 есебімен жол беріп, күмісті қанағат тұтты. 

Құрлық кубогінің қола жүлдесін Жапония құрамасы иеленген. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы жапондардан басым түскен болатын. 

Өкінішке қарай, ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен кездесуде жеңіліс тапты. Олар жарыс қожайыны саналатын Қытай командасына 11:14 есебімен жол берген. 

Хабар 24 телеарнасы