379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ролан Гаррос»: Михаил Кукушкин жұптық сында ширек финалға шықты

  • 252
  • UPD: 15:12, 03.06.2019
«Ролан Гаррос»: Михаил Кукушкин жұптық сында ширек финалға шықты Atameken Business Channel

Қазақстандық Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Словенияның Копер қаласында өткен сайыста жерлесіміз қоссырықпен өнер көрсетуде көзге түсті. Милад Карими бұған дейін еркін бағдарламада да екінші орын алған болатын. Сонымен қатар Ілияс Азизовтың еншісінде де бір күміс бар.

«Ролан Гаррос» турнирі

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сайысында ширек финалға шықты. Бельгиялық Йоран Флигенмен жұп құраған жерлесіміз үшінші айналымда Фредерико Дельбонис пен Гильермо Дюран жұбынан басым түсті. Есеп – 2:6, 7:6, 6:4. Кукушкин мен Флиген енді Хуан Себастьян – Роберт Фарах жұбымен кездеседі. Ерлер арасындағы жекелей сында Рафаэль Надалдің шоқтығы биік. Испаниялық теннисші ширек финалға қадам басты. Құмды корттың королі төртінші айналымда аргентиналық Хуан-Игнасио Лондероның осал тұсын тапты. 2 сағат 13 минутқа созылған ойын 6:2, 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Надаль жартылай финал жолдамасын жапониялық Кеи Нисикоримен сарапқа салады.   

Чемпиондар лигасының кубогы Ливерпульге келді

Жергілікті тұрғындар сүйікті командасының айтулы жеңісіне құрмет көрсетіп, салтанатты жағдайда күтіп алды. Тұтас шаһар қызыл түске боялып, чемпиондар мінген автобус қала көшелерімен жүріп өтті. Бұл жеңісті «Ливерпуль» 14 жыл күтті. Соңғы рет олар 2005 жылы Еуропаның басты додасында топ жарған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Юрген Клопп шәкірттері сенбінің кешінде Мадрид қаласында «Тоттенхэмнен» 2:0 есебімен басым түскен еді. «Ливерпуль» өз тарихында Чемпиондар лигасында алтыншы мәрте жеңіске жетті. Бұл көрсеткіш жөнінен олар үздік үштіктің қатарына шықты.

Хабар 24 телеарнасы