389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің футбол құрамасы Бельгия жеріне табан тіреді

  • 367
  • UPD: 18:35, 08.06.2019
Еліміздің футбол құрамасы Бельгия жеріне табан тіреді

Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы Брюссельге барды. Біздің команда бүгін кешке Бельгияның құрамамсыен кездеседі.

Еуропа чемпионатының кезекті іріктеу ойыны Брюссельдегі «Руа Бодуэна» стадионында өтеді. Кездесу қарсаңында құрамамыз жаттығу өткізіп, журналистермен кездесті. Еске сала кетейік, қазір біздің құрамамыздың 3 ұпайы бар. Бұған дейін біздің команда Шотландияны ойсырата ұтқанмен Ресейден ұтылып қалды. Ал бүгінгі матчқа Босния және Герцеговина өкілдері төрешілік етеді. Ойын Астана уақытымен түнгі сағат 00-ден 45 минут кеткенде басталады.

Михал Белек, футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы:

- Қазір қанша ұпай жинайтынымызды болжап айту қиын. Себебі бірінші ойында өте мықты қарсыласты жеңдік.  ал Бельгиямен матчқа келетін болсақ бұл команданың ойындарын мұқият  зерттедік. Оның қалай ойнайтынын жақсы білеміз. Бұл команда соңғы әлем чемпионатында үздік шыққан  команданың бірі болғаны бәріне аян және осы топта көш басынан көрінді. Бірақ біздің жігіттер жеңіске жету үшін барлық күш-жігерін салуға дайын.

Бауыржан Исламхан, Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы:

- Менің жарақатым жазылып, құрамаға қосылғаныма қуаныштымын. Бас бапкердің маған үміт артып,  сенім білдіргеніне алғымсым шексіз. Алда өте тартысты кездесу күтіп тұр. Бірақ біз жақсы ойын көрсетіп жеңіске жетеміз деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы