383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» тілшілері С.Бердіқұлов турнирінің жеңімпазы атанды

  • 254
  • UPD: 17:48, 21.06.2019

Талдықорғанда БАҚ өкілдері арасында қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұловты еске алу турнирі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл сайын Алматы мен Нұр-сұлтан қаласында жалауын желбірететін жарыс биыл тұңғыш рет жазушының туған жерінде ұйымдастырылды. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен өткен сайысқа еліміздің әр-өңірінен келген 8 команда қатысты. Олар екі топқа бөлініп, өзара үздіктерін анықтады. Қызықты әрі тартысқа толы  кездесуде үшінші орын талдықорғандық «Тұран» командасына бұйырды. Екінші орынды Алматыдан келген «Апорт» тобы иеленді. Ал, бас жүлдені  бас қаладан келген  «Хабар» арнасының қызметкерлері қанжығаға байлады. Бұл шара байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орайластырылды.

Есей Жеңісұлы, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері:

- Зор ықыласпен келіп отырмыз. Бұл журналистиканың бірнеше буынның басын қосады. Сондықтан географиясы кеңи түскенін көріп отырмыз. Қызылордадан, Өскеменнен, біз Алматыдан келдік. Бұл қашанда достық турнирі. Сейдағаң адал болған спорт журналистикасына. Сондықтан, біз де Сейдағаңның турниріне адалдық танытуымыз керек.

Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Біз командаларды қуана қарсы алып отырмыз. Өйткені, тілшілер қауымы осы жарыста бір-бірімен етене жақын танысады. Олардың өзара байланысы нығайып,  қарым-қатынасы жақсара түседі.

Хабар 24 телеарнасы