384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


BAQ League кезекті маусымын бастады

  • 205
  • UPD: 23:10, 07.07.2019

Қазақстан журналистикасы тарихындағы тұңғыш және жалғыз футбол біріншілігі осымен 6-мәрте жалауын желбіретіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның аясында 15 команда 2 ай бойы өзара мықтыны анықтамақ.

Айта кету керек, лига жыл санап ауқымын кеңейтіп келеді. Қазір мұнда 30-дан аса редакция мен 300-ден аса тілші өнер көрсетеді. Тіпті, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент қалаларынан арнайы келіп қатысатындар да бар. Жаңа маусымда командалар «А» және «В» лигаларында айналмалы жүйе бойынша сынға түседі. Жарыстың жалпы қорытындысы қыркүйектің басында белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы