385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тоттенхэм» Бэйл үшін 60 млн еуро төлеуге дайын

  • 331
«Тоттенхэм» Бэйл үшін 60 млн еуро төлеуге дайын

Англиялық «Тоттенхэм Хотспур» командасы Мадридтің «Реалының» форварды Гарет Бэйл үшін 60 миллион еуро төлеуге әзір, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Әзірге лондондық клуб Гарет Бэйлге жарты жалақысын ғана төлеуге әзір. Қалған 8,5 миллион еуроны «Реал» беруі қажет. 

Айта кетейік, Гарет Бэйл «корольдік» клубқа «Тоттенхэмнен» 100 млн еуроға ауысқан болатын. Оның «Реалмен» келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін есептелген. 

Ағымдағы маусымда мадридтік клуб сапында шабуылшы 42 матч өткізіп, он төрт гол соқты және алты нәтижелі пас берді. 

Хабар 24 телеарнасы