386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің боксшылары Бангкоктегі турнирден екі медаль жеңіп әкелді

  • 171
  • UPD: 14:34, 28.07.2019
Еліміздің боксшылары Бангкоктегі турнирден екі медаль жеңіп әкелді

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан «Король кубогі» халықаралық турнирі мәресіне жетті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан боксшылары жарыстан екі жүлдемен оралды. 52 келіде жұдырықтасқан Евгений Павлов финалда қытайлық қарсыласына жол беріп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді. 60 келіде ел намысын қорғаған Әділет Құрметов жартылай финалда Моңғолия өкілінен ұтылып, қола жүлдегер атанды.

Хабар 24 телеарнасы