386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астананың» Еуропа лигасына іріктеу раундындағы қарсыласы анықталды

  • 302
  • UPD: 09:17, 31.07.2019
«Астананың» Еуропа лигасына іріктеу раундындағы қарсыласы анықталды

«Астананың» Еуропа лигасына іріктеу кезеңінің үшінші раундындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

УЕФА Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінің үшінші раундына берілетін жолдама үшін таласқа түскен Венгрияның «Ференцварош» командасы Мальтаның «Валлетта» командасын өз алаңында 3:1 есебімен жеңген соң қарымта кездесудің алдынан біршама басымдыққа ие болып еді. Алайда Сергей Ребров шәкірттері қонақтағы ойынның 27-минутында пенальтиден гол жіберіп алды. Дегенмен, екінші таймда Токмак Нгуэн гол соғып, «Ференцвароштың» жеңісін нақтылай түсті. Енді «Ференцварош» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундына шықты, ал «Валлетта» Еуропа лигасына іріктеудің үшінші раундындағы қарсыласын күтеді. Егер «Астана» Андорраның «Санта-Колома» командасынан өте алса, үшінші раундта дәл осы «Валлеттамен» кездеседі.

Еске сала кетейік, «Астана» - «Санта-Колома» арасындағы алғашқы кездесуде 0:0 есебі тіркелген болатын. 1 тамыз күні «Астана Аренада» өтетін кездесуде жеңімпаз анықталады.

Хабар 24 телеарнасы