386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» Президент Кубогінде қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

  • 176
  • UPD: 20:14, 10.08.2019
«Барыс» Президент Кубогінде қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

Елордада шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогына арналған турнирдің төртінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының «Барыс» клубы Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездесті. Матч барысында бірінші шайбаны елордалық хоккейшілер соқты. 

Шайбаны 23-минутта Дмитрий Шевченко өзінің еншісіне жазды. Ал 19-минутта «Барыс» қатарына биыл қосылған фин хоккейшісі Ииро Пакаринен есепті үстемелей түсті. Келесі шайба екінші кезеңнің 39-минутында соғылды. Бұл сәтте елордалық хоккейші Никита Михайлис мергендік танытты. Осылайша, «Барыс» жігіттері 3:0 есебімен алға шықты. Кездесу барысында соғылған келесі екі шайба «Автомобилист» командасының еншісіне жазылды. Алдымен 41-минутта Андрей Обидин, 57-минутта Степан Хрипунов біздің қақпаны дәл көздеді. Нәтижесінде, бүгінгі кездесуде «Барыс» қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» аталмыш турнирдегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Осыған дейін Ресейдің «Ак Барсынан» 6:1, «Нефтехимигінен» 4:1 есебімен басым түскен еді. Бұл турнирде Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасы «Нефтехимикті» 2:1 есебімен жеңді. ҚР Президенті кубогына арналған турнир 11 тамызда мәресіне жетеді. Бұл күні Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де «Автомобилист» (Екатеринбург) және «Ак Барс» (Қазан) командалары кездессе, 17:00-де «Барыс» «Салават Юлаевпен» мұз айдынына шығады.

Хабар 24 телеарнасы