386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда «Burabike-2019» қайырымдылық велошеруі өтіп жатыр

  • 151
Бурабайда «Burabike-2019» қайырымдылық велошеруі өтіп жатыр

Бурабайда дәстүрлі «Burabike-2019» қайырымдылық велошеруі басталды.

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отырған шараға 3 мыңнан астам адам тіркелген. Бұл спорттық бастаманың жылдан жылға ауқымы кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Велошеру екі күн қатарынан 35 және 70 шақырымдық қашықтыққа, әуесқой және кәсіби спортшылар арасында өтеді. Шара аясында қайырымдылық аукционы өткізіліп, еліміздің даңқты боксшыларының қолғаптары мен Димаш Құдайбергеновтің костюмі саудаланады. Түскен қаражат еліміздегі 5 бірдей балалар ауруханасына жаңа қондырғылар сатып алуға жұмсалмақ. Жалпы өткен жылы осындай шарадан 200 млн теңге қаржы жиналған.

Серік Сәпиев, ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы:

– Халқымыздың бәрі салауатты өмір салтын ұстанып, осындай спорттық іс-шараларға қатысса деймін. Шет елдерде мұндай велошерулер көп өтеді. Бірақ оған қатысу үшін ақша төлеуің керек. Ал мұнда тегін. Тіпті велосипед те ұсынады. Өзім міне, жаңа ғана 35 шақырым жолды жүріп өттім. Ауа райы да тамаша, табиғат та керемет. Сондықтан спортпен айналысыңыздар.

Хабар 24 телеарнасы