386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

  • 202
  • UPD: 10:22, 02.09.2019
Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) бірінші ауыр салмақта жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Осыған сәйкес қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) қайта әлемнің «тұрақты» чемпионы атанды. Мұның алдында ол WBA-дің «демалыстағы чемпионы» мәртебесін иеленген, енді бұрынғы атағын қайтарып алды.

Бейбіт Шүменов өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың шілде айында өткізіп, тоғызыншы раундта түркиялық Хизни Алтункайды жеңген (31-3, 18 КО).

Хабар 24 телеарнасы