386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әли Ахмедовтен ұтылған америкалық боксшы қаза тапты

  • 132
Әли Ахмедовтен ұтылған америкалық боксшы қаза тапты

Кеше америкалық жеңіл салмақтағы боксшы Джастин Томас көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz Boxingscene-ге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Луизиана штатының Батон-Руж қаласында таңертең болған. Дәмхананың жанында боксшыны белгісіз біреу тапаншамен атып кеткен. Томас дереу ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оны құтқарып қала алмапты.

Джастин өзінің кәсіби мансабын 2012 жылы бастаған. Ол 24 кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңілген.

Айта кетейік, 2017 жылы ол қазақстандық Әли Ахмедовпен жұдырықтасып, жеңіліп қалған еді.

Хабар 24 телеарнасы