387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь маманы Антон Кушнир қазақстандық акробаттарды жаттықтырады

  • 105
  • UPD: 12:31, 09.09.2019
Беларусь маманы Антон Кушнир қазақстандық акробаттарды жаттықтырады

Фристайл-акробатика ұлттық құрамасының жаңа кеңесші-жаттықтырушысы болып Антон Кушнир тағайындалды.

35 жастағы беларусь маманы, Сочи-2014 Олимпиадасның чемпионы енді қазақстандық акробаттарды жаттықтыруға көмектеседі.

Украинада дүниеге келген Антон спортта Беларусь елінің намысын қорғап, туып желбіреткен. Енді ол өзінің спорттық мансабын аяқтап, жаттықтырушы ретінде қызметін Қазақстан ұлттық құрамасынан бастап отыр.

«Шілде айында өзімнің спорттық мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Спортшы ретінде мен спортқа 27 жылымды арнадым. Өз тәжірибемді спортшылармен бөлісіп, бапкерлер құрамына, жаттықтырушыларға спортшыны дайындауға көмектесуге дайын екенімді байқадым. Сондықтан мен Қазақстан құрамасының ұсынысын қабылдап, бірге жұмыс істеуге қуана келістім», - деді Антон Кушнир.

Оның карьерасында Олимпиада алтыннан басқа, әлем кубогы да бар. Сондай-ақ ол әлем кубогының жүлдегері және әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Хабар 24 телеарнасы