389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Катардағы жеңіл атлетика чемпионатында медальдар сарапқа салынды

  • 179
  • UPD: 10:26, 02.10.2019
Катардағы жеңіл атлетика чемпионатында медальдар сарапқа салынды

Қатар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды. 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Қазақстандық Михаил Литвин жарысқа араласты.

Жерлесіміз іріктеу сайысында бесінші орын алып, жартылай финалдан сырт қалды. Жарыс қорытындысы бойынша Литвин 30-шы орынға жайғасты. Бесінші жарыс күні төрт бағдарламада медальдар сарапқа салынды. Ерлер арасындағы 200 метрлікте Америкалық Ноа Лайлс әлем чемпионы атанды. Канадалық Андре де Грасс күміс медальға қол созса, Эквадорлық Алекс Киньонес қола жүлдені еншіледі. Сырықпен секіруде Сэм Кендрикс қатарынан екінші мәрте әлем біріншілігінде топ жарды. Америкалық атлет бес метр 97 сантиметрді бағындырды. Екінші орын швециялық Арманд Дуплантиске бұйырса, польяк Петр Лисек үздік үштіктен көрінді. Әйелдер арасында найза лақтыруда Австралиялық Келси Ли Барбер жеңіске жетті. Оның сілтеген найзасы 66 метрден асып кетті. Күміс пен қола қытай қыздарының еншісінде кетті. Ерлер арасында 800 метрге жүгіруде Америкалық Донаван Бразьер озды.  

УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі екінші тур ойындары басталды. «Реал Мадридте» «Брюггені» қабылдап, 2:2 есебімен тең түсті. ПСЖ Стамбұлда «Галатасарайдың» осал тұсын тапты. Есеп: 1:0. «Бавария» «Тоттенхэм» қақпасына жеті доп соқты. «Црвена Звезда» «Олимпиакосты» жеңді. Украинаның "Шахтері" "Аталантадан" жеңісті жұлып алды. "Манчестер Сити" Загребтің "Динамосын" ұтты. Ресей "Локомотиві" "Атлеткоға" есе жіберді. "Ювентус" "Байер" қақпасына жауапсыз үш доп соқты. Бүгін Еуропа алаңдарында тағы сегіз кездесу өтеді. Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы "Ливерпуль" "Зальцбургты" қабылдайды. Юрген Клопп шәкірттері алғашқы турда "Наполиден" жеңіліп қалған болатын. Сондықтан ағылшын клубы үш ұпайға ұмтылады. «Ливерпуль» сапында қақпашы Алиссон ойынға қатыса алмайды. Шакири мен Клайн да жарақатынан айыққан жоқ. 

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытай ашық біріншілігінің үшінші кезеңіне шыға алмады. Екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Бартимен кортқа шыққан жерлесіміз 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Ерлер арасында Михаил Кукушкин де жарысты аяқтады. Ол алғашқы кезеңде Италиялық Фабио Фоньиниге есе жіберді. Есеп: 4:6, 6:4, 6:7. Энди Маррей де келесі кезеңге өтті. Британиялық теннисші Италиялық Маттео Берреттинидің осал тұсын тапты. Есеп: 7:6, 7:6. Маррей екінші кезеңде отандасы Кэмерон Норримен ойнайды.

 

Хабар 24 телеарнасы