389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қайырымдылық марафоны өтті

  • 143
  • UPD: 23:05, 06.10.2019
Елордада қайырымдылық марафоны өтті

Елордаданың мыңнан аса тұрғыны демалыс күні триатлон паркке жиналып, қайырымдылық мақсаттағы марафонға қатысты.

«Адал жүрек» акциясы аясында өткен шара 3 жарым шақырымға созылды және оған тіркелушілердің  жасына шектеу қойылған жоқ. Бұқаралық жүгірістің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету. Яғни шара аясында жиналған қаржы енді тұрмысы төмен және көп балалы жанұяларға беріледі. Ал қалалық әкімдік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастаманы жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. 

Нұрлан Кыдырбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қалалық департаментінің басшысы:

- Бұл Елбасының, Президенттің және төрағамыздың нұсқауы бойынша бүкіл қалада өіп жатыр. шараның басты мақсаты жиналған қорды мұқжат отбасыларға тарату.

Хабар 24 телеарнасы