385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан Испания құрамасы рекорд жаңартты

  • 279
Футболдан Испания құрамасы рекорд жаңартты prosports.kz

Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында өткен ойында Испания құрамасы қонақта Швециямен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Осы ойыннан кейін 8 кездесуде 20 ұпай жинаған Испания құрамасы 2 тур бұрын Еуропа чемпионатына жолдама алды. 

«Қызыл фурия» жетінші мәрте қатарынан Еуропа чемпионатына жолдама алып отыр. Бұл құрама тарихындағы үздік нәтиже ретінде тіркелді. 

Айта кетейік, Испания құрамасы соңғы алты Еуропа чемпионатында екі мәрте топ жарды. 

Еуро-2020. Іріктеу кезеңі. F тобы. 8-тур

Швеция – Испания 1:1 (0:0)

Гол соққандар: Берг 50 (1:0), Родриго 90+2 (1:1)

Хабар 24 телеарнасы