388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталониядағы қақтығыс эль-класикоға да зардабын тигізді

  • 221
Каталониядағы қақтығыс эль-класикоға да зардабын тигізді prosports.kz

Каталония астанасы Барселонада көтеріліс өршіп тұр.

Саяси қақтығыс футболды да айналып өтпеді, деп жазады Prosports.kz

«Барселона» мен «Реал Мадрид» командалары Испан премьерасы 2019/2020 маусымы аясында алғаш рет 26 қазан күні Барселонада матч өткізуі тиіс болатын. Алайда Испания футбол федерациясы ол ойынды Мадридтегі «Сантьяго Бернабеуде» өткізуді жоспарлап отыр. Керісінше, екінші айналымдағы матч «Камп Ноуда» өтпек. 

Қос клуб федерацияның бұл ұсынысына түбегейлі қарсы шықты. «Барселона» кездесуді «Камп Ноуда» өткізгісі келеді. Мадридтік клуб басшылығы болса, матчты басқа күнге ауыстырайық деген ұсыныс айтуда. 

Әйткенмен, екі клубтың қарсылығына қарамастан, федерация ойынды Мадридке ауыстыруы мүмкін. Ол үшін Испания футбол корольдігінің рұқсаты керек. 

Көтеріліс Испания жоғарғы соты дүйсенбі күні 2017 жылы Католония саясаткерлерін тәуелсіздік үшін заңсыз рефедрендум өткізді деп соттағаннан кейін басталған болатын. Қақтығыс кезінде 131 бейбіт тұрғын мен 40 тәртіп сақшысы жарақат алған. 

Хабар 24 телеарнасы