388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы қыздар Нидерландта үздік нәтиже көрсетті

  • 358
  • UPD: 14:11, 22.10.2019
Қазақстандық боксшы қыздар Нидерландта үздік нәтиже көрсетті

Нидерландта бокстан әйелдер арасында халықаралық Эйндховен кубогі өтті.

Қазақстан атынан қатысқан алты спортшы да жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда екі қазақстандық боксшы Лукас Ангелина мен Жансая Абдраимова жұдырық түйістірді. Нәтижесінде Ангелина – алтын, Жансая – күміске ие болды. Оған қоса, Ангелина жарыстың ең үздік боксшысы атанды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дәметкен Келімбет екінші алтынды қоржынға салды. Ол финалда Мали спортшысынан басым түсті. Ал 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сандуғаш Әбілхан финалға шығып, португалиялық қарсыласын жеңіп, жарыс жеңімпазы болды. Арайлым Бекділдә 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болса, Сания Сұлтанқызы 57 келіге дейінгі салмақта ел қоржынына қола жүлдені салды.

Хабар 24 телеарнасы