385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С.Рысбекова стенд атудан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

  • 248
  • UPD: 17:55, 08.11.2019

Қазақстандық спортшы Сәрсенгүл Рысбекова стенд атудан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Токио олимпиадасына жолдама ұтып алды. «Трап» бағдарламасында сынға түскен жерлесіміз ливандық Рэй Бассилге есе жіберді. Рысбекова ел қоржынына 22-жолдаманы салды. Доха қаласында өтіп жатқан мергендер сайысында жүлделі үштікке кірген спортшылар Жапониядағы кешенді сынға қатысуға мүмкіндік алады. Азия чемпионаты 13 қарашада аяқталады. Стенд ату шеберлері олимпиаданың тағы 37 жолдамасын сарапқа салады.  

Алматыда волейболдан ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының бірінші тур ойындары басталды. Әзірше алаң иелері қарсылас шыдатар емес. Ел кубогы  мен суперкубогына иелік еткен «Буревестник» енді ұлттық біріншілікте топ жаруды көздейді. Марат Иманғалиевтен тәлім алатын жігіттер жарыстың бірінші күні «Таразды» 3:0 есебімен ұтса, одан кейін «ПавлодарІ волейболшыларын 3:1 нәтижесімен жеңді. Кеше алматылықтар үш партияда «Алтайдың» осал тұсын тапты. Ұпайдан шашау шығармаған команданың бірі «Атырау». Екі дүркін ел чемпиондары «Маңғыстау» мен «Есіл» және «Тараздың» осал тұсын тапты. Бақытжан Байтөреев командасы басты қарсыласымыз «Буревестник» деп отыр. Екі мықты апта соңында кездеседі. 

Хабар 24 телеарнасы