384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самбодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қоржыны үш медальмен толықты

  • 272
Самбодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қоржыны үш медальмен толықты

Оңтүстік Кореядағы самбодан әлем чемпионатының үшінші күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы үш медальмен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рахат Жаңаниет 68 келі салмақта қола жүлдеге ие болды. Ол армениялық палуан Максим Манукянмен, ресейлік Тагир Тагировпен және украиналық Дмитрий Евдошенкомен кездесіп, жеңіп шықты. Жартылай финалда Рахат әлем чемпионы атанған өзбек самбошысы Давлатжон Хамроевқа есесін жіберіп алды. Жауынгерлік самбодан 52 келіге дейінгі салмақта Нұркен Домбаев өзбекстандық Достон Рустамжонов пен моңғолиялық Гангхуяг Анбаярды тізе бүктірді. Бірақ финалда ресейлік Родион Асканаковтан жеңіліп қалды. Өткен жылғы Азия ойындарының чемпионы Ділдаш Күрішбаева да күміс медальға ие болды. Ол финалда әлемнің 7 дүркін чемпионы ресейлік Марина Мохнаткинамен кездесіп, есе жіберіп алды.

Хабар 24 телеарнасы