384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


DAZN Головкинді Сондерстің ықтимал қарсыластарының тізіміне қосты

  • 212
  • UPD: 12:03, 11.11.2019
DAZN Головкинді Сондерстің ықтимал қарсыластарының тізіміне қосты

DAZN компаниясы екінші орта салмақта WBO тұжырымының чемпионы Билли Джо Сондерстің қарсыласы кім болуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлады prosports.kz.

DAZN твиттердегі парақшасында «Билли Джо Сондерстің ықтимал қарсыластары» атты фото-коллаж жариялады. Суретте Сауль «Канело» Альварес, Деметриус Андраде, Джермалл Чарло, кіші Крис Юбэнк, Геннадий Головкин, Дэниэл Джейкобс, Калеб Плант және Каллум Смит көрсетілген.

Айта кетейік, жақында Билли Джо Сондерс АҚШ-та қарсыласы Марсело Косересті 11-ші раундта нокаутқа түсірді.

Хабар 24 телеарнасы