376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Қазақстан велоспорт федерациясының форумы өтті

  • 238
  • UPD: 23:14, 29.11.2019
Алматыда Қазақстан велоспорт федерациясының форумы өтті

Жиында мамандар осы жылды қорытындылап, спортта топ жарған қыз-жігіттер  марапатталды. Сосын алдағы маусымның жоба-жоспары айтылды. 

Осыдан бір ай бұрын Қазақстан велоспорт федерациясының тізгінін Нұрлан Смағұлов ұстаған еді. Қауымдастық форумы жаңа басшылықтың жетекшілігімен өтті. Күн тәртібінде көп мәселе қаралды. Әсіресе аймақтардағы балалар велоспортын дамыту  туралы нақты тапсырмалар берілді.

Нұрлан Смағұлов, ҚР велоспорт федерациясының президенті:

- Біздің негізгі міндет бұған дейін Қазақстан велоспортының алға жылжуына үлкен үлес қосқан Даниал Кенжетайұлының жұмысын әрі қарай  жалғастыру. Ол кісіге алғсымыз шексіз. Ел спортын одан әрі дамытатын  жастар десек, алдымен балалар спортына көңіл бөлуіміз қажет. Ал келер маусым Олимпиада жылы. Біздің спортшылар Александр Винокуровтың жеңісті жолын жалғастырады деген үміттеміз.     

Токио олимпиадасы таяп келеді. Қазақстан құрамасы төртжылдықтың басты додасына үш бірдей жолдама жеңіп алды. Біз сенім артқан спортшылар кімдер деген сауалға алдымен Алексей Луценконың есімі аталады.

Александр Винокуров, Олимпиада чемпионы:

- Биылғы негізгі жоспар орындалды. Олимпиада ойындарының жолдамасын қоржынға салдық. Енді 5 желтоқсан күні Испанияда алғашқы жаттығуларымызды бастаймыз.  Ұлттық құрама сапында Алексей Луценкоға сенім артып отырмыз.  Келер жылдың жазында Алексей Тур де Франс арқылы дайындығын пысықтайтын болады.   

Форум соңында биылғы жылдың мықтылары марапатталды. Сергей Пономарев пен Артем Захаров, Рината Султанова мен Алексей Луценко, Светлана Пащенко мен Шәкір Адиловтар әртүрлі аталым бойынша үздік деп танылды. Сондай-ақ велоспорттың дамуына үлес қосқан үшін Алматы мен Екібастұз қаласына автокөліктің кілті  және  еліміздің аймақтарындағы жасөспірімдеріне  70 дана велосипед сыйға тартылды.

Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы