423,09 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде допинг қолданған спортшыларға қатысты жаза күшейеді

  • 547
  • UPD: 18:01, 18.12.2019
Елімізде допинг қолданған спортшыларға қатысты жаза күшейеді

Елімізде допинг қолданған спортшылар мен олардың бапкерлеріне қатысты жаза күшейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Спорт және дене шынықтыру туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұдан былай допинг пайдаланған спортшы барлық спорттық атақтары мен қаржылай сыйақыларынан айырылып, спорттан шеттетіледі. Сондай-ақ 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұдан бөлек, жаңа заң бойынша Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері жалға берілетін пәтерді өз аттарына 10 жылға дейін аудара алмайды. Себебі, допинг сынамалары осынша уақыт сақталады.

Хабар 24 телеарнасы