375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путинцева Брисбенде іріктеу сайыстарының финалына шықты

  • 254
  • UPD: 13:26, 05.01.2020
Путинцева Брисбенде іріктеу сайыстарының финалына шықты

Қазақстаннның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Юлия Путинцева Брисбенде (Аустралия) іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева жартылай финалда рейтингте 95-орында тұрған америкалық Мэдисон Бренглмен кездесті. Бірінші партияда америкалық спортшы 3:0 есебімен алға шықты. Қазақстандық теннисші таразы басын біртіндеп теңестіре алды – 5:5. Алайда сосын өз гейміне қоса сетті де беріп қойды – 5:7. Есесіне екінші сетте Ю.Путинцева 4:0 есебімен алға кетті. Қарсыласы қарап қалмай, екі рет брейк жасағанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 6:2. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші Бренглді бет қаратпай ұтты – 6:1. Барынша тартысты өткен бәсеке 2 сағат 15 минутқа созылды. Ю.Путинцева іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 92-ракеткасы, бұрынғы отандасы, ресейлік Анастасия Потаповамен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады. Жүлде қоры 1,5 млн АҚШ долларына бағаланған негізгі жарыс ертең басталады.

Хабар 24 телеарнасы