423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзал: оқу-жаттығу жиындарына шақыртылған құрам анықталды

  • 598
  • UPD: 11:36, 23.01.2020
Футзал: оқу-жаттығу жиындарына шақыртылған құрам анықталды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака қаңтар айында өтетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 23-31 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жиынның соңғы күні Чехияның Брно қаласына жол тартады. 2020 жылғы әлем чемпионатының элиталық кезеңінің іріктеу ойындары 2-5 ақпан аралығында өтеді. Біздің құраманың қарсыластары – Румыния, Словения және Чехия, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Оқу жаттығу жиынына 16 ойыншы шақырды:

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Александр Гуров («Аят»), Нұрәлем Байдолла («Жетісу»);

Алаңдағы ойыншылары: Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Нұрсұлтан Пиялы, Дуглас (барлығы – «Қайрат»), Азат Валиуллин («Аят»), Дінмұхамед Сүлейменов, Арнольд Кнауб (екеуі де – «Жетісу»), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Тайнан, Лео (екеуі де – «Спортинг», Португалия);

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Де Соуза Лиуз Энрике – дене даярлығы бапкері, Нұрлан Битүгілов – дәрігер, Тиаго Виейра – физиотерапевт, Жандос Кеңесов – әкімші, Уәлихан Байтақов – менеджер.

Хабар 24 телеарнасы