429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәурен Абаев қазақ күресінің атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

  • 534
  • UPD: 12:12, 07.02.2020
Дәурен Абаев қазақ күресінің атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Қазақ күресінен төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтар жарық көреді.

Бұл туралы ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаев ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Қазір әлемдік аренада қазақ күресінің атауын өзгерту мәселесі де жиі талқыланып отыр. Осы ретте біз зерттеуші ғалымдар тобына қазақ күресіне қатысты терминдерді жүйелеуді тапсырып отырмыз», - деді Д.Абаев.

Сонымен қатар қазақ күресінің ережелері жинақталған видео нұсқаулық түсіріліп жатқанын да айтып өтті. Ол бапкерлер мен спортшыларға да көмекші құрал болмақ.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы