430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

UFC турнирі жекеменшік аралда өтетін болды

  • 343
  • UPD: 17:32, 07.04.2020
UFC турнирі жекеменшік аралда өтетін болды

Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) президенті Дэйна Уайт UFC 249 турнирі және промоушен турнирлері жеке аралда өтетінін мәлімдеді.

Уайт бір аралды екі айға жалға алғанын және онда апта сайын турнирлер өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Оның айтуынша, қазір ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аралдың орналасқан жері әзірге жария етілмейді.

Спортшылар бұл жерге жеке ұшақтармен келетіні айтылған. Турнирге қатысушылардың барлығы коронавирусқа тексеруден өтеді.

Турнир жоспар бойынша 18 сәуірде Нью-Йоркте өтуі керек еді. Бірақ коронавирустың таралуына байланысты қалада бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынды.

Айта кетсек, UFC 249 турнирінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон кездеспек болған. Дегенмен Хабиб Нурмагомедов жекпе-жектен бас тартты.

Бүгін UFC 249 турнирінде Тони Фергюсонның қарсыласы Джастин Гэтжи болатыны ресми түрде жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы