425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Гэтжи: Хабиб тұрғанда, өзімді чемпион сезінбеймін

  • 441
  • UPD: 20:30, 16.06.2020
Гэтжи: Хабиб тұрғанда, өзімді чемпион сезінбеймін Prosports kz

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы уақытша жаңа чемпионы, америкалық Джастин Гэтжи Тони Фергюсонды жеңгені туралы айтты және болашақ жоспарлары туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Белбеуге иелік еткенде қандай сезімде болдым? Әрине, керемет сезімде! Бірақ мен Хабиб барда өзімді чемпионмын дей алмаймын. Нурмагомедов әлі күнге дейін басымдық танытып отыр  және мен онымен кездесуге мәжбүрмін. Бұл мен үшін алғашқы жекпе-жек болмақ. Хабибпен төбелесуге қашан дайын боламын? Білмеймін. Әзірге мен өз жеңісіме қуанып, қосарланған бонусқа ие болғанымды тойлағым келеді», - деді Гэтжи баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Гэтжи - Фергюсон кездесуінің жеңімпазы титулдық жекпе-жекте ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен кездесуі керек болатын.

Хабар 24 телеарнасы