426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазіргі бессайыстан әлем чемпионатының өту мерзімі анықталды

  • 365
  • UPD: 11:44, 13.05.2020
Қазіргі бессайыстан әлем чемпионатының өту мерзімі анықталды olympic.kz

Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) Токио олимпиадасына байланысты ауыстырылған жарыстар күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Беларусь астанасы Минскідегі әлем чемпионаты 7-13 маусымға жоспарланған.

Будапешттегі әлем кубогі 24-28 наурызда ұйымдастырылады. Сондай-ақ сәуір айында әлем кубогінің тағы екі кезеңі өтеді деп күтілуде.

Финалдық кезең 13-16 мамыр аралығында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы