405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания чемпионаты қайта басталады

  • 163
Испания чемпионаты қайта басталады

Аладоп аламанының жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүрген Испания чемпионаты бірер аптадан кейін қайта басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде елдің премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді. Оның айтуынша, Испания үкіметі Ла Лига ойындарын жалғастыру жөнінде ұсынысты мақұлдаған. Соған сәйкес, 8 мамырда алғашқы матчтар өтуі керек.

Айта кетейік, Испания чемпионаты коронавирустың таралуына байланысты біріншілікті бел ортасынан тоқтаған болатын. Яғни жеңімпазды анықтау үшін әлі 11 тур ойналуы қажет. Ал қазір турнир тізімінің басында «Барселона» келе жатыр. Одан кейінгі орындарда «Реал» мен «Севилья» командалары және олардың арасындағы ұпай айырмасы аз ғана. Осыған байланысты қазір барлық клубтар қызу дайындыққа кірісті.

Хабар 24 телеарнасы